|
Қала әкімі мұсылмандарды қолдау үшін қандай қадамға барды?
|
АҚШ-тың Сиэтл қаласының әкімі Эд Мюррей мұсылмандар десе арқасы құрысып қалатын әрі аты-шулы жарлығымен (президент болып сайланғаннан кейін) және мәлімдемелерімен (президент сайлауына дейінгі) Дональд Трамптың Ақ үй қожайыны атануынан соң тіптен арқаланып кеткен исламофобтардың аптығын басу үшін жыл сайынғы қала тұрғындарына жасайтын дәстүрлі жолдауын әкімшілік ғимаратында емес, мешітте өткізетін болды. Ол осылайша Ақ үй тарапынан кемсітушілікке ұшыраған осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қолдау көрсетпек. Діні өзге болса да. Бұл жайында KIRO7 ақпарат көзі хабар таратты. Қала әкімінің бұл қадамын исламофобтар қатаң сынға алып, "дін мен мемлекеттің бөлек екенін" мемлекет адамы ретінде сақтамай отыр, деп айыптап жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады