Қажырлы мұсылман әйел
Қажырлы мұсылман әйел
9 жыл бұрын 3601

Бала шағында тозығы жеткен жергілікті әдет-ғұрыптан зардап шеккен нигериялық мұсылман әйел кейін есімі елге белгілі жазушыға айналады деп кім ойлаған. Қазіргі уақытта оның кей туындылары мектеп қабырғасында оқылатын оқу бағдарламасына еніп, ағылшын тіліне аударылған. Отбасы үлкендері Балараба Рамат Якубты 12 жасында мектептен шығарып алып, бұрын түрін көрмеген 40 жастағы ер адамға ұзатты. Қара су қайната алмайтын оған күйеуінің көңілі толмай үйленгендеріне бір жарым жылдан соң оны төркініне қайтарды. Бұл жайында «Al Jazeera» ақпарат көзі хабар таратты.  Анасы Баларабаны жасырын мектепке жіберіп тұрды. Ол бастауыш сыныпты бітіргені жөніндегі аттестатқа қол жеткізді. Әкесі оның аттестатын көріп қойып, 15 жасында қайта ұзатты. Басқа біреуге. Алайда, үш жылдан кейін Балараба перзентімен әке-шешесінің үйіне оралды. Ол хаус тілінде жазу-сызуды және тігін машинасын басқаруды үйренді. Қазір оның жасы 51-де. Ол 9 новелла жанрындағы 9 туындының авторы. Оның алғашқы кітабы 1987 жылы жарық көрген болатын.

0 пікір
Мұрағат