«Rased» атауын алған жүйе Умм әл-Кура университетімен бірге дайындалды. Бұл соңғы уақытта біз жұмыс жүргізген қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған электронды жүйенің бір бөлшегі болып табылады» дейді Қажылық және ұмра қауіпсіздік қызметі басқармасының төрағасы Бадр бин Сауд әл-Сауд.
Елу мың бақылау камерасының көмегімен Қағба төңірегіндегі адамдардың қозғалысы жіті бақыланатын болады. Ал жаңа жүйе әл-Харамдағы шектен тыс адам нөпірі пайда болып, шоғырлана бастаған уақытта хабар береді.