|
Қажылықты «бос уақыт өткізу» деп атаған министр қызметінен шеттетілді
|
Бангладештің премьері Шейх Хасинмен бірге Нью-Йоркке ресми сапармен бірге барған телекоммнуикация министрі Әбділәтіп Сыддық бірқатар телеарналарға берген сұхбатында қажылықты «бос уақыт өткізу» деп атап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Ол ол ма, ол қажылықтың ел экономикасына еш пайда әкелмейтінін, керісінше ішкі жалпы өнімді азайтатынын айтып, тағы «сандырақтаған». Оның бұл мәлімдемесі Бангладеш мұсылмандарының ашу-ызасын тудырды. Наразылық танытып, көшеге шыққан мұсылмандар оны отставкіге кетуін талап етті. Кейбіреулер оны «діннен шыққан» деп айыптады. Нәтижесінде министр қызметінен шеттетілді. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті