Қажылық кезінде қаза тапқандар саны жарияланды
Қажылық кезінде қаза тапқандар саны жарияланды
10 жыл бұрын 5103

Пәкістан мен Үндістан билігі Сауд Арабиясының шетелдік дипломаттарға қажылық маусымы кезінде құрылыс кранының құлауынан және жаншылып өлген 1100 фото-суреттерін бергенін мәлімдеді. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес 107 қажы кранның астында қалып, ал 769 адам жаншылып өлген. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. Мысырдың уақыптар ісі жөніндегі министрлігінің дерегіне қарағанда, осы елдің 55 азаматы қысылып өлген, 26 қажысы королдік емханасында жатыр, ал 120 қажы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Ал Түркия билігі 3 азаматының қажылық кезінде көз жұмғанын мәлімдеді. Нигерияның 54 қажысы бақилық болып, 61 қажысы жарақат алған. Бангладештің қажылық істері жөніндегі агенттіктің дерегі бойынша осы елден қасиетті сапарға аттанғандардан 18 қажы қаза тауып, 90 қажы хабар-ошарсыз кеткен. Пәкістанған келсек, Мина жазығындағы жаншылып өлген пәкістандық қажылар қарасы 42 адамды құрайды; 33 адам жарақат алған; 63 адам хабар-ошарсыз кеткен. Жуырда қажылық кезіндегі қайғылы жағдайға Сауд Арабиясының билігін айыптаған Ираннан 136 қажы көз жұмса, 340 қажы хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Үндістаннан 35 мұсылман қаза тапқан. Камерун – 14, Чад – 11, Алжир – 8, Сенегал – 5, Танзания - 5 қажысын жер қойнына тапсырды. Танзанияның 50 қажысы хабар-ошарсыз кетті. 

0 пікір
Мұрағат