|
Қажылық кезінде 700-ден аса адам жаншылып өлді (видео)
|
Әлеуметтік желіде қасиетті қажылық парызы орындау кезінде, қыркүйек айының 24-і күні қалың ададардың арасында 130 адам жаншылып өлді. Lenta.ru ақпарат көзінің келтірген дерегі осындай болса, vesti.ru порталының мәліметінше 220-дан аса адам қаза тапқан. Соңғы мәліметке қарағанда, 700-ден аса қажы тапталып өлген. Бұдан бөлек 800-ден аса адам түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың арасында еліміздің азаматтары бар ма, жоқ па, ол турасында ақпарат жоқ. Жылда қасиетті қажылық кезінде кісі өлімі орын алады. Ең көп кісі өлімі 1990 жылы тіркелген болатын – 1,4 мыңнан аса адам жаншылып өлген еді. Сөз реті келгенде айта кетейік, биыл Мекке шаһарында 1,3 млн-нан аса адам қажылық парызын орындады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады