Қажылық болмаса, Сомали халқы аштан қырылуы мүмкін
Қажылық болмаса, Сомали халқы аштан қырылуы мүмкін
4 жыл бұрын 6166 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл тәжді тажал пандемиясына байланысты қажылыққа салынған тыйымнан ішкі қарулы қақтығыстар мен құрғақшылықтан еңсе көтере алмай жатқан Сомали халқы қатты зардап шегеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Солмалидің мал шаруашылығы орасан зор шығынға батады. Бұл жайында түріктердің Anadolu ақпарат көзі жергілікті фермерлердің шілде айының 17-сі күнгі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. Солмалилік ірі қара экспорттаушылардан Қабды Әксмет пен Әбдірахман Бұрқанның айтуынша, өздерінің табысы қажылық маусымымен байланысты. Қажылық маусымында бордақылаған ірі қаралар мыңдап Саудияда сатылады. Мал шаруашылығымен айналысатын жергілікті фермерлер тек жұқпалы індеттің осындай зардаптарын тартып қоймай, құрғақшылық пен су тапшылығынан көресіні көріп отыр. Осы уақытқа дейін ем-шөбіне шығындалып келген ірі қаралары пайда түсіргені былай тұрсын өз-өзін ақтамайтын түрі бар – құрғақшылық пен су тапшылығынынан қырылып қалуы мүмкін. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (FAO) баяндамасында келтірілген деректі алға тартқымыз келеді: Сомали экспортынан түсетін табыстың 80%-ы мал шаруашылығына тиесілі. Бұл табыс Сомали халқының 60%-дан астамын азық-түлікпен  қамтамасыз етуге жетеді.

0 пікір
Мұрағат