|
Қажыларға медициналық анықтама міндетті құжатқа айналды
|
Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрлігі 2027 жылғы қажылыққа виза берер алдында Nusuk Masar платформасы арқылы медициналық сертификат алуды талап етеді. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрлік қажылыққа арналған медициналық құжаттар мен рұқсат сертификаттарын міндетті құжаттар қатарына кіргізді. Бұл ереже қажылардың парызды орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, қажылық кезінде қоғамдық денсаулықты қорғау үшін қолданылады. Осы ережені ескерген елдер қасиетті сапарға аттанатындар үшін жергілікті медициналық скрининг бағдарламаларын енгізуде. Қажылар фитнес бойынша медициналық тексеруден өтуі тиіс, ол кейбір елдерде екі кезеңнан тұрады. Мұндай процедура қажылық жасаушының денсаулығы ауырлықты кқере алатынын, яғни, қандай да бір аурулардан азат екенін растауы тиіс. Сынақ нәтижесі Nusuk Masar ресми платформасы арқылы өңделетін медициналық рұқсаттар туралы сертификатқа түседі. Бұл сертификат қажылыққа виза беру үшін міндетті шартқа жататындықтан саудиялық кеденшілер елге кіру бекеттерінде міндетті түрде тексеретін болады. Бұдан бөлек, қасиетті сапарға аттанатындар екпе алуы тиіс. Соның ішінде төрт валентті менингококк ACWY екпесі міндетті. Қажының екпе алғанын растайтын құжат медициналық анықтамадан бөлек талап етіледі. Қажылық және ұмра министрлігі қажылардың денсаулығына қатысты қоятын талаптары: - қажы өз бетінше парызын орындай алуы тиіс; - жүргенде қиналатын болса, қолына таяқ ұстауға рұқсат етіледі; - мүгедек арбасымен немесе скуьермен қажылық жасауға жіберілмейді.