Қажылардың өліміне Сауд Арабиясының королін айыптады (видео)
Қажылардың өліміне Сауд Арабиясының королін айыптады (видео)
10 жыл бұрын 4277

Сауд Арабиясының королі Салман ибн Әбдіәзіз әл Сауд Құрбан айт кезінде қажылықты өткізудің жоспарын қайта қарастыруға қоластындағыларға тапсырма берді. Корол қасиетті Мекке шаһарында жуырда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты әрі бұл төтенше жағдайды тексеруге пәрмен берді. Бұл жайында  Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ал Reuters ақпарат ресурсының хабарына қарағанда, Иранның жоғарғы көсемі, аятолла Әлі Хаменей қажылардың қазасына Сауд арабиясының билігін айыптап, арнайы мәлімдеме жасады. Нақтырақ айтқанда, Сауд Арабиясының билігін қажылық маусымын ұйымдастыруда салақтық танытты деп есептейді. Осыған байланысты аятолла Сауд Арабиясының билігі осынау қайғылы жағдайға жол бергенін мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алуы керектігін мәлімдеді. Иранның қажылар және қажылық мәселесі жөніндегі ұйымның жетекшісі Саид Охади (Saeed Ohadi) қажылық кезінде тапталып өлгендер арасында 41 ирандық қажының барын еске сала кетті. Айта кетейік, Иран Мина жазығында отандастарының қаза болуына орай үш күндік аза күнін жариялады.

0 пікір
Мұрағат