|
Қажылардың балаларын қарайтын орталық ашылуы мүмкін
|
Жақын арада Сауд арабиясында, дәлірегі, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында соңғы технологиямен жабдықталған балалар орталығы ашылып қалуы әбден мүмкін. Бұл орталықта қажылық парызын өтеуге келгендер балаларын уақытша қалдыра алады. Мұндай бастаманы жергілікті педагогтар мен психологтар көтерген екен. Бұл жайында marwa ақпарат көзі хабар таратты. Бұл қызмет түрі қайырымдылық ұйымдардың қаржысы есебінен көрсетілетін болады. Яғни, қажылар бесінші парызын алңсыз өтеуі үшін осындай жағдай жасалып отыр - бұл қызмет түрін тегін пайдалана алады. Мұндай орталық балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін ашылады. Айта кетейік, қажылардың кейбіреуі балаларын да өздерімен бірге қасиетті сапарға алып шығады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...