Қажылар қажылық парызын бөліп төлеу жүйесімен өтей алады
Қажылар қажылық парызын бөліп төлеу жүйесімен өтей алады
2 жыл бұрын 1974 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Хижра жыл қайыруы бойынша 1443 жылы немесе Григориан күнтізбесі бойынша 2022 жылы қажылық маусымы өтті. Саудияның қажылық және ұмра министрлігі Хижра жыл қайыруы бойынша 1444 немесе Григориан күнтізбесі бойынша 2023 жылғы қажылық маусымына тіркеуге дайындалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, тіркеу процедурасы сапар айында (қыркүйекте) басталады. Бұл қажылыққа тіркеу мерзімі ерте басталатын алғашқы жағдайы болайын деп тұр. Сонымен қатар, Қажылық және умра министрлігі де қажылардың жыл сайынғы қажылық парызын бөліп-бөліп төлеу жүйесімен өтеу үшін тіркеуге болатынын хабарлады. Министрлік бөліп төлеу саясаты тек саудиялық қажыларға қатысты екенін айтты. Дегенмен бұл ереже тек саудиялықтарға ғана емес, сонымен қатар, халықаралық деңгейде де қолданылатын болады, яғни, мұндай мүмкіндікке әлемнің әр түкпірінен қажылығын өтегісі келетін адамдар да ие болмақ.

0 пікір
Мұрағат