Қажылар кемеге мінеді
|
Үндістан қажылары арада 22 жыл салып барып, яғни, ширек ғасырға жуық уақыт үзілістен кейін қасиетті сапарға кемемен аттанатын болды. Қарт қажылар өткен ғасырда Сауд арабиясына кемемен қажылыққа барғандарын сағына еске алады. Дәлірегі, Мумбай қаласынан Жидда шаһарына дейін сонау 80-90 жылдары су жолымен қасиетті сапарға шығатын. 1995 жылы мемлекеттің көлік компаниясының кемесі әбден тозып, істен шыққан кейін үнді қажылары Сауд арабиясына тек әуе лайнерімен ғана қатынайтын болды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. 2018 жылы кемемен қатынау қайта жанданады. Бұл жолы Мумбай, Калькутта және Коч қалаларынан Жидда шаһарына жеткізетін болады. Әр кеме 5000 қажыны 2-3 күнде Сауд арабиясына жеткізеді. Құрлықтағы немесе әуедегі қатынастан гөрі су жолын пайдалану қажылардың қаржысын 50%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді.