Қайтыс болған ел премьері бар байлығын кедейлерге мұраға қалдырып кетті
Қайтыс болған ел премьері бар байлығын кедейлерге мұраға қалдырып кетті
6 жыл бұрын 3752 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мамыр айының 25-і күні Тайландтың бұрынғы премьер-министрі әрі әскер қолбасшысы Прем Тинсуланон 99 жасына қараған шағында бақилық болды. Ол өзінің бар жиған-тергенін елдегі кедейлерге мұраға тастап кетті. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, тұрмысы төмен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын жобаларға жұмсалуы тиіс. Маха Вачиралонгкорна (Рам Х) және ханшайым Сутхидтың салтанатты үйлену тойына жетекшілік еткеннен кейін үш күннен соң қайтыс болған саясаткердің артында қалған дәулеті бірнеше миллион долларға жетеді. Бұл жайында оның көмекшісі болған генерал Пхиссан Пхуттхавонг мәлім етті. Прем Тинсуланон Тайланд премьер-министрі болып 1980-1998 жылдары істеді. Табаны күректей 20 жыл бойы Тайланд королінің құпия кеңесін басқарған. Елдегі салмағы ауыр әрі ең ықпалды саясаткерлердің бірі болды. Тайланд ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, ол жүрек талмасынан көз жұмған. 

0 пікір
Мұрағат