Қай ұлт өкілдері баяу қартаяды
Қай ұлт өкілдері баяу қартаяды
5 жыл бұрын 3652 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл халықаралық ғалымдар тобы осы бағытта, дәлігері,  әлемде қай ұлттардың баяу қартаятынын анықтау мақсатында 1990-2017 жылдар аралығында жүргізілген арнайы зерттеу нәтижесін шығарды. Бұл жайындағы дерек The Lancet ғылыми мерзімді басылымында жарияланды. Аталмыш зерттеу барысында жас ұлғайған сайын пайда болатын, толыққанды өмір сүруге кедергі келтіретін ауру түрлері, атап айтқанда, жүрек-қан тамырларының 13 ауруы, алжу, есту және көру қабілетінің төмендеуі, катаракті, Альцгеймер, Паркинсон, сондай-ақ, құлап қалудан алатын жарақат ескерілген. Аталмыш зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, әлемде ең баяу қартаятын ұлт жапондар болып шықты – орташа есеппен алғанда аталған ұлт өкілдері 76 жасынан бастап, кәрілікке бой алдыра бастайды екен. Ал бұдан сәл бір жасқа төмен көрсеткіш (75 жас) Швейцарияда, Францияда, Сингапурде және Кувейтте кездеседі. Адамды жынысына қарай жіктейтін болсақ, ер-азаматтарға қарағанда әйелдер баяу қартаятын болып шықты. Себебі, әйелдердің миы ерлерге қарағанда баяу қартаяды. Жаратылысына байланысты. Ал бұл мәселенің кері жағынан келсек, ең ерте қартаятын ұлтқа Папуа-Жаңа Гвинея тұрғындарын жатқызған – 45 жас! Сондай-ақ, Маршалл аралдарының, Вануату әне Соломон аралдарының, Ауғанстанның тұрғындары 50 жасында күрт қартая бастайды. Десе де мұндай биологиялық және физиологиялық процестің әр халықта әрқалай жүруінің сырын айтпапты.

0 пікір
Мұрағат