Қай мұсылман елінде билік әйелдердің қолында? (фото)
Қай мұсылман елінде билік әйелдердің қолында? (фото)
8 жыл бұрын 5548

Батыс елдерінде "мұсылман әйелдердің құқығы аяққа тапталған, қоғамдағы рөлі төмен" деген жаңсақ ұғым қалыптасқан. Әйелдердің құқықтың мәртебесі еуропалық өркениетке қарағанда ислам елдерінде әлдеқайда ерте нақтыланып қойғанына қарамастан. Әлемде матриархат үстемдік құрған, яғни, билік тізгінін ер-азаматтар емес, әйелдер ұстайтын елдің барынан хабардарсыз ба?  Индонезияның батысында орын тепкен Суматрада Минангкабау қауымы өмір сүреді. Олардың өмір сүру салты патриархалдық құрылымға негізделген консервативті Сауд Арабиясын ғана емес, сонымен бірге, зайырлы елдерді де таңқалдыратыны сөзсіз. Минангкабау қауымында әйелдердің "ақ - дегені алғыс, қара - дегені қарғыс". Отбасы да әйел. Индонезияның осынау байырғы тұрғындары күніне бес уақыт намазын қаза қылмайды, жылына бір келетін қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Жағдайы келгендер зекетін береді. Қажылыққа қаржы жинайды. Бұл жағынан да ақ жаулықтылар алда келеді. Жергілікті дәстүр бойынша жер мен жылжымайтын мүлікке тек әйелдер ғана ие бола алады. Яғни, әйелдер атына жазылады және мұра қалдырғанда да әйелдер ең алдымен ескеріледі. Ал бөріктілер балаларына жинаған қаржысын қалдыруға және білім беріп, тәрбиелеуге құқылы. Жас жұбайлар да егер бөлек тұрса, әкесінің үйіне емес, анасының үйіне түседі. Отбасындағы барлық мәселені ақ жаулықтылар шешіп қана қоймай, бизнеспен де шұғылданып, маңызды шаралардың басы-қасында жүреді. 

0 пікір
Мұрағат