Қай елде исламға ресми тыйым салынуы мүмкін?
Қай елде исламға ресми тыйым салынуы мүмкін?
9 жыл бұрын 2784

Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орын тепкен Самоа арал-мемлекетінде асыл дінімізге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Аралда орналасқан аталған елдегі шіркеулер кеңесінің бас хатшысы Маауга Моту әлемдік дінге ресми тыйым салу турасында мәлімдеді. Бұл елдегі мұсылмандар қарасы бар-жоғы 0,03% болса да. Маауга Моту исламнан қарадай үркіп, неге мұндай мәлімдеме жасағаны бізге беймәлім. Десе де ол мұсылмандардың (саны аз болса да) ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретінін алға тартып отыр. Премьер-министр Самоа Туилапа Малиелегаои оның бұл мәлімдемесіне орай елдегі наным-сенім бостандығына шек қойылмайтынын, алайда, христиан дініне мемлекеттік мәртебе беруге болатынын жеткізді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «RadioNZ» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Самоа имамы Мұһаммед бин Яхья священниктің арандашулық мәлімдемесін сынға ала келіп, аталған арал-мемлекеттің мұсылман елдердің көмегі есебінен де өмір сүріп келе жатқанын алға тартты.

0 пікір
Мұрағат