Пұтқа табынушыларға қарсы ядролық қорғанысты күшейтеді
Пұтқа табынушыларға қарсы ядролық қорғанысты күшейтеді
8 жыл бұрын 3461 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан агрессияшыл, ұлтшыл, индус партия билік құрған Үндістанның жоспарынан қауіптеніп, өзінің зымырандық-ядролық қорғанысын күшейтуге шешім қабылдады. Пәкістанның жоғарғы әскери-саяси органы (National Command Authority - NCA) ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ядролық бағдарламасының толық спектрін әзірлейтіндерін мәлімдеді. Пәкістан премьер-министрі Шаһид Хакан Аббас, Бас штабтың жетекшісі Жамар Жауіт Баужа, Біріккен Штабтар басшысы, генерал Зүбәйір Хайат секілді аталған елдің бетке ұстар саяси әрі әскери тұлғалары бас қосып, жиын өткізді. Үндістанда күннен күнге күшейіп келе жатқан агрессияға қарсы тұру үшін. Осы мақсатта жаппай қарулануға мәжбүр болып отырғандарын жеткізді. Айта кетейік, халқының саны миллиардтан әлдеқашан асып кеткен Үндістанның адами және ресурстық мүмкіндіктері 200 млн халқы бар Пәкістанмен салыстыруға келмейді, бірнеше есе орап алады. Амал жоқтықтан Пәкістан жаппай қарулануға мәжбүр. 

0 пікір
Мұрағат