Путин? Ол Жапонияны Орта Азияға жолатпай отыр – Shukan Gendai
Путин? Ол Жапонияны Орта Азияға жолатпай отыр – Shukan Gendai
3 жыл бұрын 2507 Айжан ҚАЛИЕВА

Жапонияның апталық журналы Shukan Gendai жуырда Путиннің Еуразиядағы мемлекеттерді біріктіру мақсатын әшкерелеген материал жариялады. Басылым Қытай мен Ресей көш бастап тұрған Шанхай серіктестігінің Таяу Шығыс елдерін қамтуын – Шыңғыс ханның ұлы империясының қайта өркендеуіне ұқсата отырып, Путиннің бұл серіктестік арқылы  көздеген мақсаттары қандай деген сауалға жауап іздеген. Бұл жайында dalanews.kz ақпарат көзінің шолу материалын назардарыңызға ұсынамыз. 

Соңғы кездері Ауғанстандағы хаос жағдайында серіктес ретінде Қытай мен Ресей көш бастап тұрған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жиі назарға ілігіп жүр. 

ШЫҰ шығу тарихына тоқталсақ,  1996 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Қытай мен Ресей терроризм қаупінен қорқып, шекаралық бақылау саласындағы сенімді нығайту мақсатында Шанхай бестігі құрылымын құрды.  

Одан кейін 2001 жылы Шанхан Ынтымақтастық Ұйымы құрылды. Оған сегіз ел — Қытай, Ресей, Үндістан, Пәкістан және Орталық Азияның төрт елі (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) кіреді, бірақ қыркүйек саммитінде Иран да толық құқылы мүше ретінде қабылданды.

Нәтижесінде қатысушылардың жалпы саны тоғызға жетті. Бақылаушы елдер қатарында Моңғолия, Беларусь және Ауғанстан бар. 

ШЫҰ –  негізгі мақсаты терроризмнің, есірткі саудасының және басқа да трансшекаралық қылмыстардың алдын алу, бірақ қатысушылар бітімгершілік миссиялардың туы астында оқу – жаттығулар өткізу арқылы әскери саладағы ынтымақтастықты да нығайтып отырады. Жоғарыда атап өткеніміздей, 17 қыркүйекте Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас астанасы Душанбеде ұйымның 20 жылдығына арналған саммит өтті.

Саммитке мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек,  бақылаушы елдердің, сондай-ақ, шақырылған ел ретінде қатысқан Түркіменстанның көшбасшылары қатысты.

Егер аталған елдердің географиясына қарасақ, олар Еуразия континентін Ресейден солтүстікке қарай Қытай мен Орталық Азия арқылы Үндістанға дейін қамтиды.

Егер бұл тізімге ресми мүше болған Иранды қосар болсақ, онда бұл топтың Таяу Шығысқа дейін созылатыны белгілі. 

Осылайша Шыңғыс ханның ұлы империясының қайта өркендеуіне куә болып отырғандаймыз. 

Еленбеуі мүмкін емес саяси полюс

Қазіргі уақытта ШЫҰ-ның халықаралық қоғамдастықта елеулі ықпалы жоқ, бірақ егер ол әскери және экономикалық деңгейлердегі ынтымақтастықты нығайтар болса, онда ұйым халықаралық саясат полюстерінің біріне айналуы мүмкін және мұны назарға алмау мүмкін емес.

Ресей президенті Владимир Путин саммиттегі баяндамасында «ШЫҰ шын мәнінде халықаралық ынтымақтастықтың көпполярлы құрылымындағы ең ықпалды орталықтардың бірі» деп мәлім етті. 

Саммитте Ресей басқаратын Әскери Альянспен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кездесуі өтті. Ол — Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери блогы деуге болады. 

Яғни бұл елдер өз мүшелеріне қауіп-қатер туындаған жағдайда әскери көмек көрсетуге дайын.  Көріп тұрғанымыздай, мұнда бұрынғы Кеңес республикасының елдері және оларға Ресей өзінің зор ықпалы арқылы әскери көмек көрсетуге уәде бергені анық.

Ресейдің көзқарасымен қарар болсақ, бұл топтар оған еуропалық бағытта орналасқан Белоруссия мен Кавказ, Армения және Орталық Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанды бақылауға мүмкіндік береді. 

Кей мемлекеттер екі ұйымға да кіріп, Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіруге қатысты ортақ проблемаларға тап болып отыр.  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен ШЫҰ түрлі сипаттағы құрылымдар болып табылатынына қарамастан, Ауғанстандағы тұрақсыздық қарым-қатынастарды, оның ішінде әскери деңгейдегі ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін ұлғайтуда.

Сонда президент Путин нені көздеп отыр? 

Ресейдің арманы

Путиннің саммитте ерекше атап өткен сөздеріне зер салсақ:

«Бұл, сөзсіз, ШЫҰ, ЕАЭО, АСЕАН елдерінің және Қытайдың «Бір белдеу — бір жол» бастамасының қатысуымен үлкен еуразиялық әріптестік құрудың ресейлік идеясын іске асыру арнасында жүріп жатыр» деді. 

Атауы үлкен Еуразиялық серіктестік деп айқайлап тұрғанымен, өткен дәуірден келе жатқандай көрінеді. Бұл тұжырымдама Душанбе экономикалық ынтымақтастық декларациясының 4-тарауында, саммиттің қорытынды құжатында айтылған. 

Басқаша айтар болсақ, аталған әріптестік Еуразияда кең, ашық, өзара тиімді және тең құқылы қатынастар кеңістігін құру мақсатында қажет. Идея таңғалдырғанымен, бірақ ортақ тілдің өзі кеңес дәуірін еске түсіреді.

Бұл тұжырымдама Президент Путин үшін Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен бірге Еуразиядағы ықпалын сақтау мен кеңейту әдісі болып көрінеді. 

Ресей басшысының көздеген мақсаттары қандай?

Біріншіден, Батыстың осы Еуразиялық елдердегі экономикалық және басқа да ықпалын әлсірету. Атап айтқанда, Иранның ШЫҰ-ның толық құқылы мүшесі ретінде қосылуы сөзсіз бұл ұйымда, әсіресе Иран, Ресей және Қытай тарапынан америкалықтарға қарсы тоналдылықтың күшеюіне әкеледі.

Екіншіден

тәуелсіз болып, тәуелсіз дамуға ұмтылған Орта Азия аймағын өз қанатының астына алу. Орта Азия елдері Жапония, АҚШ-пен, сондай-ақ Германиямен және басқа да еуропалық елдермен қарым-қатынастарын нығайтып жатыр, бірақ географиялық орналасуларына байланысты Қытай мен Ресеймен көршілес болғандықтан, екі жақпен де тату қарым-қатынасты сақтауға тырысады.

Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың мәні де осы да болып тұр. 

Жиі айтылатын көпполярлы әлем

Үшіншіден, Иранның қосылуы есебінен Ауғанстанның батыс шекарасын бақылауға алу. Ауғанстан мен Қытай, Пәкістан, Иран, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан шектеседі және олардың барлығы Түркіменстаннан басқа — ШЫҰ-ға мүше елдер. Саммитке Түркіменстан да шақырылды, бұл Ауғанстанды қоршап тұрған елдердің бірігуін білдіреді.

Мақсат-АҚШ кеткеннен кейін оған ықпал ету және сонымен бірге терроризм мен есірткі саудасымен тиімді күресу. Төртіншіден, Душанбе декларациясында бірнеше рет айтылған көпполярлы әлемдік тәртіпті құру.

Бұл сонымен бірге АҚШ-тың бір полярлы билігіне қарсы тұру үшін антиамерикандық күш қалыптастыру болып табылады.

Декларацияда халықаралық қатынастардың жаңа түрін құру туралы айтылды. Ресей мен Қытай бұл сөз тіркесінде айтылған халықаралық тәртіпті әр түрлі елестетуі мүмкін, бірақ олардың ортақ мақсаты  – американың ықпалын әлсірету.

Сонымен қатар, ШЫҰ ЕО сияқты ұлттықтан жоғары ұйым болғысы келмейді, өйткені басқа елдердің ішкі саясатына араласпау ол үшін ең жоғары құндылық болып табылады. Керісінше, ол Душанбе декларациясында айтылған тәуелсіз және еркін ынтымақтастыққа ұмтылады және осы бағыт арқылы әртүрлі құндылыққа ие  елдерді біріктіретін алаңға айнала алады. 

АҚШ пен Жапонияның теңіз күшіне қарсы тұруы

Енді Жапония мен ШЫҰ арасындағы қарым-қатынасты қарастырайық. Қазіргі уақытта олардың арасында мүлдем байланыс жоқ десек  артық айтқандық емес. Оның үстіне, Жапония үшін бұл топтың антиамерикалық құндылықтарын қабылдамайды. Бірақ бұл теңіз елі екенін атап өткен жөн.

Өздеріңіз білетіндей, ШЫҰ-на кіретін мемлекеттер материктік мемлекеттердің «клубы» болып табылады және ШЫҰ шын мәнінде олардың құрлықтағы қуатын біріктіру тәсілі. Бұл тұрғыда Жапонияның ұйымға мүше болуына ешқандай негіз жоқ.

Керісінше, ШЫҰ жапондар үшін қауіпті, өйткені бұл теңіз державасы ретінде танылған Жапония мен АҚШ-қа қарсы күш. 

Осы тұрғыдан алғанда, Жапонияға қауіпсіздік саласында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада да ШЫҰ-ны мұқият қадағалап, Орта Азиямен, Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажет. Алайда аймақтағы геосаяси жағдайларды ескерсек, мұндай қадамдардың сәтті шығуы біршама күмән тудырады.

Қытай мен Ресей арасындағы сенімсіздік тамыры 

Енді ШЫҰ-ның шығу тегіне оралсақ. Бұл ұйымның бастапқы мақсаты КСРО ыдырағаннан кейін шекарадағы әскери сенімді нығайту, атап айтқанда шекара әскерлерінің сандық құрамын екіжақты қысқарту болды. Басқаша айтқанда, қатысушы елдер, соның ішінде әсіресе Қытай мен Ресей арасында шекараларға байланысты сенімсіздіктің терең тамыры жатыр.

Егер үлкен теңіз күші болып табылатын АҚШ кері шегініп, өз ықпалын әлсіретсе, ШЫҰ-ның антиамерикалық күші азаяды және бұл ұйым мүшелері арасындағы қырағылық пен текетірестің табиғи өсуіне апарады.

Жапония, өз кезегінде, Австралия, Ұлыбритания және АҚШ құрған үшжақты қорғаныс альянсы — AUKUS-пен серіктестікті нығайту мәселесін қарастыруы керек.

0 пікір
Мұрағат