Пұтхана маңында мұсылмандарға сауда жасауға тыйым салынды
Пұтхана маңында мұсылмандарға сауда жасауға тыйым салынды
3 жыл бұрын 1310 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістандағы үнді пұтханаларының маңында мұсылмандарға сауда жасауға қатаң тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы Hindustan Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлі етеді. Үнді радикалдарының бұл бастамасы Үндістанның оңтүстік-батысында орын тепкен Карнатака шатының үкіметі де қолдап отыр. Аталмыш штат тұрғындарының дені үнді наным-сеніміндегілерден (шамамен 85%) кейінгі осы елдегі азшылықты құрайтын өзге дін өкілдерінің арасында саны жағынан алдыңғы орында тұрған мұсылмандар (соңғы жаңартылмаған мәлімет бойынша 11%) құрайды. Карнатака штатының бас министрі Басауарадж Боммай аталмыш тыйым заңды жолмен салынса, бұл іске штат билгінің араласа алмайтынын алға тартып отыр. Олай дейтіні, 2002 жылы қабылданған үндінің діни ұйымдары мен қайырымдылық шаралары туралы заң талаптарына сәйкес үнді пұтханаларының маңындағы кеңістікті өзге наным-сенім өкілдеріне жалға беруге тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат