Протоиерей: Ресей 30 жылдан соң мұсылман еліне айналуы мүмкін
Протоиерей: Ресей 30 жылдан соң мұсылман еліне айналуы мүмкін
6 жыл бұрын 2969 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

isralove.org ақпарат көзінің кезінде таратқан хабары мен келтірген дерегіне сенсек, қазіргі уақытта Ұлыбритания аумағында 423 мешіт ашылған әрі шамамен 500 шіркеу жабылған. Бұл тенденция жылдан жылға қарқын алып келеді. "Гейнстоун институты" талдау орталығында жарияланған мәлімет бойынша жергілікті мұсылмандар мешіт тұрғызу үшін арнайы құрылыс жұмыстарын жүргізбей-ақ жабылған шіркеулерді мұсылмандардың құлшылық үйіне айналдыруда. Аталмыш елдің Манчестер (15,8%), Бирмингем (21,8%) және Брэдфорд (24,7%) қаларында мұсылмандар қарасы көп болып шыққан. Ел астанасы Лондон мегаполисінің өзінде мұсылмандар қарасы артып келеді. Лондон университетінің бөлімшесі болып табылатын Queen Mary жоғарғы мектебінде, мәселен, әйелдер оқу аудиториясына жеке есіктен кіреді. Аталған ел аумағында 100-ден аса шариғи сот қызмет етеді. Сондай-ақ, Мұхаммед есімді балалар саны едәуір артқан. Ал отбасы, аналарды және балаларды қорғау мәселелеріне жауапты патриарша жетекшісі Дмитрий Смирновқа сілтеме жасаған орыстардың "Жаңалықтар" ақпарат агенттігі хабарлағандай, туу көрсеткіші төмен Еуропа елдері мен Ресей болашақта мұсылман еліне айналуы мүмкін. "Ислам - Еуропаның болашағы осылардың қолында. Енді бір 20 жылдан соң Франция, Англия, Германия мұсылман елі болады, ал 30 жылдан соң Ресей де ислам мемлекетіне айналады". "Бізде де мұсылман халқы көбейіп келеді. Мұсылман республикаларында балалар үйі жоқ. Христиандарға қарағанда мұсылман ер-азаматтар балаларын өздері тәрбиелейді. Сол себепті, болашақ исламда. Осыдан жүз жыл бұрын Ресейде орташа отбасы сегіз баладан тапса, қазіргі уақытта тек мұсылман өлкелерінде осындай", - деді ол.

0 пікір
Мұрағат