Президенттікке үміткерлерге қойылатын талап күшейтілді
Президенттікке үміткерлерге қойылатын талап күшейтілді
4 жыл бұрын 2665 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран парламенті президент сайлауы турады заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Дәлірегі, мемлекет басшысы болуға талпынған тұлғаға қатысты талаптар күшейтілген. Бұл жайында islam.kz порталы парсы елінің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мәселе бойынша шиғалар елінің 239 депутатының 152-сі аталмыш түзетуды жақтаса, 56-сы қарсы дауыс берген, алтауы қалыс қалған. Иран билігінің бұл қадамы ең алдымен ел қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі үшін жасалып отырғанын айта кету керек. Жаңартылған заң нұсқасында көзделген талаптарға сәйкес Иран президенттігіне кандидат тұлғаның тегі ирандық болуы тиіс әрі өзге елдің азаматы болмауы керек, бұдан бөлек, өткен өмірінде де, осы шағында да Иран аумағында өмір сүргені расталуы тиіс. Бұған қоса, Иран парламенті ел президенттігіне кандидаттың жасына қатысты талапты (40-70 жас аралығында болу керек деген) мақұлдаған жоқ. Яғни, жасы 21-ден асқан ирандық азамат аталған елдің президенті болып сайлануына құқылы. Иран президенті болғысы келетін тұлға осы елдің ресми діні саналатын исламда болуы тиіс. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Ирандағы келесі прездидент сайлауы 2021 жылдың маусым айына белгіленіп отыр. Осылайша жақын қалған саяси додаға осы бастан қамданып, санкция астында қалған елдің саяси әрі экономикалық және өзге де мүдделерін қорғауға бағытталған қадам жасалып отыр.

0 пікір
Мұрағат