Премьер-министр қыз балалардың өмірін сақтап қалуды өтінді
Премьер-министр қыз балалардың өмірін сақтап қалуды өтінді
9 жыл бұрын 3165 Құрсақтағы шарананың жынысын жарияламау жөніндегі үнді емханасындағы ескерту жазу

Үндістанның премьер-министрі салдары мен зардабы ауыр жыныстық теңсіздіктің қатерлі сипат алып келе жатқанын ескертіп, құрсақтағы қыз баланың өмірін қимауға шақырды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Айта кететін жайт, жаһилия дәуірінен бері қалмай келе жатқан жабайы әдет Үндістанда әлі тиылған жоқ. Яғни, қыз баланы адам құрлы көрмеу, ұл балаға артықшылық беру әдеті бұл елде әлі күнге сақталған. Аяғы ауыр әйел осы заманғы медицина жетістігі саналатын узи арқылы құрсағындағы шарананың қыз екенін білсе, туыстарының немесе күйеуінің қысымымен түсік жасатып алдырып тастайды. Бұл үнді халқының сорына айналды десек те болады. Осыған байланысты ұлттық қасіретке айналған бұл әдеттен тыйылуды сұрады ел премьері Харьян штатында сөйлеген сөзінде. «Елдің премьер-министрі сіздерден қыз балалардың өмірін сақтап қалуды жалынып сұрайды. Қыздарыңызды құтқарыңыздарІ Балаларымызға білім берейік! Біз санамызды өзгертуіміз керек және ұл балалар қыздардан артық дегенді қояйық»,- деді ол. Сонымен қатар, ол үнді дәрігерлеріне де шарананың жынысына қарай түсік жасату практикасынан бас тарту жөнінде үндеу тастады.

0 пікір
Мұрағат