Премьер-министр қасиетті Құранға жала жапты
Премьер-министр қасиетті Құранға жала жапты
10 жыл бұрын 3267

Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Ахмедабад қаласында хат танымайтын мұсылмандарды (бұл елдегі мұсылмандардың дені сауатсыз – ред.) сиыр етінен жеріндіру үшін қитұрқы әрекетке барып, қасиетті Құранда айтылмағанды айтылды деп жала жапты. Дәлірегі, «Бақара» сүресін арам мақсатына жету үшін бұрмалады. Тарқатып айтқанда, аталмыш штаттың премьер-министрі Анандибен Патель жарты ай бейнесінің астында тұрып: «Сиырларға құрмет көрсетіңіздер, өйткені, ол күйсейтін малдың төресі. Оның сүті, майы емдік қасиетке ие, ал оның еті түрлі ауруға шалдықтырады»,- деп ірі қараның пайдасын айтқан болып, мұсылмандарды оның етін жемеуге шақырды. Бұл жайында IslamNews порталы International Business Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Білдей бір шаттың басшысының бұл мәлімдемесіне орай Мұсылмандардың жеке құқығы жөніндегі бүкіл үнділік кеңестің өкілі, мүфти Ахмет Дебляби қасиетті Құранда мұндай аяттың кездеспейтінін айтып, қара танымайтын мұсылмандарды адастыратын мәлімдемесін сынға алды. Айта кетейік, Үндістанда индустар сиырға табынады. 

0 пікір
Мұрағат