Православтық священник исламды қабылдап, Меккеге жаяу аттанды (фото)
Православтық священник исламды қабылдап, Меккеге жаяу аттанды (фото)
3 жыл бұрын 1668 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Расул Таудиряков есімді блогер Ресейдің Рязан аймағынан қасиетті мекенге жаяу аттанған бұрынғы православтық священник турасында айтыпты. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Блогердің instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы жазуына қарағанда, оның рухани өзгеруіне орыс қызының шынайы ықыласпен жасалған дұғасы себеп болған. Иман келтірген адам ретіне ол алғашқы қадамын қажылықтан бастамақ. Бұл орайда ол өзінше дәстүрге айналған орыс тақуаларының салып кеткен сара жолынан ауытқымады – қасиетті сапарға жаяу аттанды. Блогер Расул бұл жазбасы туралы былай толғанған екен: «Мен бұл жаңалықты адамға, бәлкім, барлық қауымға зиянымды тигізіп аламын ба деген қауіппен жариялауға бола ма, жоқ па деп ұзақ ойландым. Өйткені, кейбіреулер мұндай оқиғаны жақтыра бермейді. Алайда, қабырғаммен ақылдасып, бәрін таразылай келе болған жайды хабарлағым келді»,- деп ағынан ақтарылыпты. «Бәрі деревнялық орыс қыздың Орта Азиядан келген мигрантқа тұрмысқа шығуынан басталған, ол орыс қызы исламды қабылдап, шариғат шәлісін жамылады. Бұған ашуланған ауылдастары оған күн көрсетпейтін болды. Жергілікті дүкен де оған тауар сатудан бас тартып, қуып шығыпты. Осы сәтте дүкенде әлсіздер үшін әділет пен жанашырлыққа жақын жергілікті священник те болған. Ол адамдарға қызды өз қорғауына алатынын әрі оған тіл тигізуді өзіне тіл тигізгендей қабылдайтынын мәлімдеген». Дүкеннен шығып бара жатқанда қыз оған: «Алла сізді игілігіне бөлесін» деп күбірлеген екен. Оның бұл сөзі священниктің жүрегін жаулап, исламды зерделеуге кіріскен. Исламды тани келе Хақ жолға түсіп, қасиетті Меккеге қажылық ету үшін жаяу аттанған. Расулдың сөзіне қарағанда, Саид-Мұхаммед деген есім иеленген бұрынғы священник қазіргі уақытта Дағыстанға жеткен. «Мұсылмандар Қап тауына тән қонақжайлылық пен құрмет көрсетер деп үміттенемін» деп аяқтапты жазбасын Расул.

Экс-батюшка во время службы в сельском храме

Исламды қабылдаған бұрынғы экс-священниктің шіркеудегі діни рәсімді орындау сәтінен

 

Саид-Мұхаммед

Расул, ты неправ, или причем тут юденраты - ГолосИслама.RU

Блогер Расул

0 пікір
Мұрағат