Православтардың шіркеуін өртеп жіберді
Православтардың шіркеуін өртеп жіберді
9 жыл бұрын 3816

Израилдіктер жаулап алған палестиналықтардың жеріндегі Табария (Кинерет) көлі аумағында орналасқан православ шіркеуін еврей келімсектері өртеп жіберді. «Days of Palestine» ақпарат көзінің хабарына қарағанда, израилдік экстремистер ғибадат ғимаратына бейсенбіде таң әлетінде баса-көктеп кіріп, әр жерінен от қойған. Бұл осымен соңғы жарты жылдың ішінде екінші рет орын алып отырған жағдай: үстіміздегі жылдың ақпан айының 26-ы күні еврейлер гректердің Құдыстағы православ семинариясына от қойған еді, мұнымен ғана шектеліп қалмай, оның қабырғасына «Иса – жезөкшенің ұлы» және «Сионаның күнәдан арылуы» деп жазып кеткен. Бұл жолы да Израиль билігі бұл оқыс оқиғаны теракті ретінде бағаламай, еврей келімсектерінің шектен шыққан әрекетіне тексеру жүргізетінін айтып, құтылған.

0 пікір
Мұрағат