Порнографиялық сайттар жаппай жабылады
Порнографиялық сайттар жаппай жабылады
10 жыл бұрын 6470

E-ISLAM ақпарат көзінің хабарлауынша, Мысырдың Жоғары сот кеңесшісі Яхия Дакрури премьер-министрге берген ұсынысына байланысты алдағы уақытта елде ғаламтор беттеріндегі порнографиялық сайттарға түгелдей тыйым салынатын болады.

Прокурор Низар Гурабтың дайындаған талабында: «Шым мәнінде Құран Кәрімнің аяттары немесе басқада ислами құндылықтар адамды жоғары дәрежеде жаратылғанын көрсетеді. Қазіргі таңда ғаламтор беттеріндегі жалаңаш бойжеткендердің суреттері, порнографиялық бейне-роликтер, әсіресе, жастардың санасын улап, адами құндылықтарынан айыруда. Мысыр – Ислам дінін берік ұстанған мемлекет. Сондықтан, оның халқы да соған лайықты дәрежеде болуы тиіс» делінген.   

Бүгін де жоғары сот осы шешім туралы ұсынысты елбасына және ақпарат және байланыс министріне жолдап, тиісті шара қолдану процесі күтілуде.

Байланыс ұйымының директоры Хишам Алайли: «Кез-келген ғаламтор бетіне тыйым салу үшін мемлекет тарапынан тиісті шешім шығарылу керек. Егер сот өз көздегеніне жетіп, порнографиялық сайттарға толығымен тыйым салуға байланысты шешім қабылданса оны жүзеге асыру қиындыққа соқпайды. Шамамен елдегі 80 пайыз сайттарды жабу мүмкіндігіне ие боламыз», - деп, атап көрсетті.

0 пікір
Мұрағат