Полицейлер өткен жылы қанша адамды атып өлтірді?
Полицейлер өткен жылы қанша адамды атып өлтірді?
8 жыл бұрын 2742 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылы америкалық тәртіп сақшыларының қолынан, дәлірегі, қаруынан ұзын саны мыңға тарта, нақтырақ айтқанда, 987 адам қаза тапқан екен. Қасақана немесе қорғану, т.б. түрлі себептермен қару қолданған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы 2016 жылмен салыстырғанда 21 адамға көп. Бұл жайында америкалықтардың Washington Post мерзімді басылымы дерек келтіріп, хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, 2017 жылы полиция оғынан опат болғандардың 22%-ы – афроамерикалықтар. Десе де бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 36 адамнан 19 адамға дейін азайған. Өлтірілгендердің дені 30-44 жас аралығындағылар (369) және 18-29 жас аралығындағылар (298). Олардың арасында 28 жасөсіпірм бар.

0 пікір
Мұрағат