Пластикалық ота жасатқандар мен жасағандар жазаланатын ел
Пластикалық ота жасатқандар мен жасағандар жазаланатын ел
6 жыл бұрын 2852 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі пластикалық отаға қатысты заң талаптарын қатайтты. Бұдан былай арнайы рұқсат алмаған әрі шариғат талаптарына қайшы келетін мақсатта пластикалық ота жасатқандардың қолына кісен салынып, тұтқынға алынады немесе дүре соғылады. Ал мұндай ота жасаған хирургтер лицензиясынан айырылады. Бір кереғарлығы, аталған ел пластикалық ота жасатудан әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің бірінен саналады. Жылына шамамен 40 мың ирандық пластикалық ота жасатады екен. Орташа есеппен. Соңғы жылдары пластикалық ота жасатам деп өмірімен қош айтысқандар мен кемтар болып қалғандар қарасы артып келеді. Тек Иранда емес, әлем бойынша. Осыны ескерген Иран билігі шариғат талаптарының сақталуын қадағалайтын отбасы сотынан ендігі жерде рұқсат алатын талапты енгізді. Пластикалық ота жасатқысы келетіндерге. Егер аталған талап бұзылған жағдайда пластикалық ота жасатқан адам екі айға абақтыға қамалады.

0 пікір
Мұрағат