Пластикалық бұйымдар импортына тыйым салған елдер шыға бастады
Пластикалық бұйымдар импортына тыйым салған елдер шыға бастады
4 жыл бұрын 2666 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шри-Ланканың қоршаған ортаны қорғау министрі Махинда Амарабира кеше, яғни, жұма күні жабайы пілдер мен еліктерді қорғау мақсатында пластикалық бұйымдар мен заттар, соның ішінде пластиктен жасалған ойыншықтар импортына тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл жайында AFP ақпарат көзі мәлім етті. Шри-Ланкадағы пілдердің көбісінің ажалы пластиктен болып жатыр. Өлген пілдердің қарнын жарып тексерген сайын жануарлардың асқазанынан бірнеше келіге дейін пластик табылып жатады. Бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін аталған ел парламентінде пластик тауарлар, соның ішінде, полиэтилен импортына тыйым салу қарастырылған заң жобасы әзірленіп жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Шри-Ланка биологиялық тұрғыдан ыдырамайтын, тағамдарды мен өзге де бұйымдарды қаптайтын пластикті ел аумағында өндіруге әрі оны сырттан тасымалдауға 2017 жылдан бастап тыйым салған болатын. Тағы бір айта кететін жайт, Шри-Ланкада жойылудың алдында тұрған жабайы пілдер арнайы заңмен қорғалады. Деседе жабайы пілдер адамдарға жиі шабылдайды. Осының кесірінен пілдер де, адамдар да опат болып жатады. Мәселен, өткен жылдан бері осындай қақтығыстардың салдарынан 607 піл мен 184 адам мерт болған екен.

0 пікір
Мұрағат