Планетаның ластануынан әлемдік экономикаға келетін шығын
Планетаның ластануынан әлемдік экономикаға келетін шығын
3 жыл бұрын 1988 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Егер көмір қышқыл газымен атмосфераны ластау тоқтамаса, бұл жайт өз кезегінде осы ғасырдың аяғына таман оның әр тоннасы әлемдік экономикаға 3000 доллар зиян шектіреді. Яғни, көмір қышқыл газынан болатын ауруларды емдеу, экологияға келетін залалдың орнын толтыру, т.б. кететін шығынды есептемегенде. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемнің бетке ұстар білім ордалары, атап айтқанда, Кембридж университетінің, Лондонның империялық колледжінің ғалымдары мен АҚШ, Швейцария, Германия, Австрия сарапшылары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, өз есебін ұсынды. Олардың дерегі бойынша XXI ғасырда әлемдік экономика планетаның ластануынан осы бастан шығын көріп жатыр – әлемдік жалпы ішкі өнім 37 пайызға төмендеп кеткен осындай себеппен. Атмосфераның көмір қышқыл газымен ластануынан орын алып отырған жаһандық жылынудың және климат өзгерісіің салдарынан Ұлыбританиядан Нью-Йоркке бір ғана трансатлантикалық ұшу қатынасы әлемдік экономикаға 3000 мың доллардан аса зиян келтірмек – ғасыр аяғында көмірқышқыл газының бір тоннасы үшін әлемдік экономика осынша шығын көрмек. Климаттың өзгеруі өз кезегінде табиғи апаттар қатерін (өрт, құрғақшылық, сел-тасқын, т.б.) арттырады. Бұл да әлемдік экономиканың белін қайыстыратын болады, мәселен, Еуропаның орталығындағы шілде айында орын алған тасқын-селден аймақ экономикасына келтірген шығыны – 6,5 млрд еуро. Сол себепті де аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдар атмосфераның одан ары ластануына мейлінше тосқауыл қоюдың ұзақ мерзімді стратегиялық шешім болып табылатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат