«Планетаны құтқару үшін өздерін ұрпақ өрбіту қабілетінен айырып жатыр»...
«Планетаны құтқару үшін өздерін ұрпақ өрбіту қабілетінен айырып жатыр»...
4 жыл бұрын 7437 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияның жастары арасында адамзат қарасының көбеюіне байланысты қоршаған ортаға келетін залалды «азайту» үшін, яғни, жер ресурсына ортақ болатын «артық ауызды» өмірге әкелмесі үшін өздерінің ұрпақ  өрбіту қабілетінен айырып жатқандар саны артып келеді. Бұл айында islam.kz порталы LADBible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қызығы, аталған ел бойынша мұндай отаның шамамен 10 пайызын орындайтын дәрігер Ник Демедиуктің (Nick Demediuk) айтуына қарағанда, вазэктомияны жасатындар арасында табиғатқа аз залал келтіру, соның ішінде жануарлардың еті мен сүтін, терісінен тігілген киімдерді тұтынудан бас тартқан вегандар қарасы көп. Олардың дені 18-28 жас аралығындағылар. Австралиядан кейінгі мұндай ота жасатындар қарасы бойынша екінші орында Жаңа Зеландия тұр. Психиатр Танбір Ахмет (Tanveer Ahmed) айтуынша, жас жігіттер мұндай қадамға бару арқылы әлеуметтік-саяси ландшафқа әсер етуді көздейді. Яғни, вазэктомия бірыңғайда қоршаған ортаны қорғау үшін амалсыздың күнінен баратын ақырғы қадамға барабар саяси акті ретінде алға шығып отыр. Әлбетте, бұл жат үрдіс жақсы ниеттен туғанымен ақыры жақсылыққа апармайтын ирелең соқпақ екенін айта кеткіміз келеді. 

0 пікір
Мұрағат