Пиротехникаға толық тыйым салса... тіпті, заңмен болса да
Пиротехникаға толық тыйым салса... тіпті, заңмен болса да
6 жыл бұрын 3472 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Финляндияда пиротехникалық заттар сауда-саттығына толық тыйым салу турасында kansalaisaloite (азаматтық бастама) көтерілуде. Бастамашыл топ 30 мың қол жинап үлгерген. Аталған ел парламенті бұл мәселені кем дегенде 50 мың қол жиналғанда ғана қарастыратынын мәлімдеді. Финляндия пиротехникалық заттар сирек қолданылатын әлемдегі санаулы елдердің бірінен саналады. Фейерверкті тек Жаңа жыл қарсаңында, яғни, кешкі сағат алтыдан түнгі екіге дейін ғана қолдануға рұқсат етіледі. "Қауіпті химиялық әрі жарылғыш заттарды қолданғанда ескерілуі тиіс қауіпсіздік туралы заңға фейерверкті пайдалануға тыйым салатын түзету енгізу ұсынылды. Түрлі жарақат алуға апарып соқтыратын әрі өрт тудыру қаупі бар фейерверкке толық тыйым салынуы керек",- деп айтылған бастамашылардың талабында. 

0 пікір
Мұрағат