Пентагон НАТО-ның Ресеймен соғысқа дайын екенін айтты
|
Пентагон Балтық елдері мен Ресей арасындағы ықтимал соғыстың орын алып қалуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Карпентер осылай ойлайды. Ол НАТО-ның Балтық жағалауы елдері жерінде Ресеймен соғысқа дайындалып жатқанын білдірді. Ол өзінің конгресте сөйлеген сөзінде Америкада Ресейдің Балтық елдеріне шабуыл жасау мүмкіндігі жөніндегі мәселесінің шындап қарастырылып жатқанын анық байқатты. Карпентер Ресейдің Прибалтиканы, бұдан әрі, бәлкім, тағы Польшаны басып алуы мүмкін екені турасындағы әңгіменің өте жиі айтылып келгенін еске алды. Себебі, ол Шығыс Еуропа жерінде Солтүстік альянстан анағұрлым күшті. Ол, сонымен бірге, НАТО-ның Эстонияны, Латвияны және Литваны қорғап қалуға қабілетті емес екенін ауызға алды. Өйткені, бұл елдердің қаруларын Ресейдің күшімен салыстыру мүмкін емес.