Пентагон жаңа биологиялық қаруға тапсырыс берді
Пентагон жаңа биологиялық қаруға тапсырыс берді
7 жыл бұрын 3565 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша осы заманғы биотехнологияны әскери мақсатта қолданудың қауіптілігі айтылған баяндаманы жариялады. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, синтетикалық биология саласындағы жетістік пандемия тудыратын жасанды вирустың пайда болуына жол ашады. Бұл жайында Science Alert ақпарат көзі хабар таратты. Ал Мичиган университетінің микробиологы Майкл Империаленің (Michael Imperiale) айтуынша, синтетикалық биология өздігінен қауіпті емес, алайда, одан нақты бір нәрсе жасау... қатерлі болуы мүмкін. Мәселен, канадалық ғалымдар жойылған жылқы шешегінің вирусын тірілтті. Одан ары зерттеу мақсатында. Канадалық ғалымдардың бұл әрекеті өз кезегінде мамандарды алаңдатып отыр, өйткені, адамзат бұл вирусқа төтеп бере алмауы мүмкін. Яғни, жойылып кеткендіктен адам бойындағы оған қарсы тұратын иммунитеті қалыптаспаған. Cүтқоректілердің көптеген вирусының генетикалық жады еркіндікте жүр. Инфекция кез келген сәтте кез келген жақсы жабдықталған зертханасында тәжірибесі мол маманның себепкерлігімен қалыпқа келтірілуі мүмкін. Қолдан өсірілген виурстар мен бактериялар олардың табиғи түрлеріне қарағанда әлдеқайда қауіпті болмақ, өйткені, оларды түрлі дәрі-дәрмектер мен екпелерге қарсы төтеп беретіндей етіп қайта жасауы ықтимал. CRISPR/Casжүйесі секілді технологияның дамуына байланысты патогендік инфекциялар одан ары таралады. Сарапшылар ең бастысы АҚШ қорғаныс министрлігінің мұндай қауіпті тәжірибеге мүдделілік танытытып отырғанына алаңдаулы. Өйткені, жаңа биологилық қарулануға жаппай жол ашып жіберуі ықтимал. 

0 пікір
Мұрағат