Педофилдерге өлім жазасы енгізіледі
|
Әлемдегі мұсылмандар саны көп әрі халық тығыз орналасқан Индонезия елі осы аптада педофилдерге қатысты қатаң жаза енгізілді. Заң жүзінде. Ендігі жерде кәмелет жасына толмаған балаларға қырындағандар немесе көз сүзгендер болса, оларды химиялық жолмен тарттырып тастайды, ал қылмысы ауыр болса, аттырып тастайды, яғни, өлім жазасы қолданылады. Аталған ел билігінің мұндай қадамға баруына осы жылдың сәуір айында 14 жастағы қызды ішіп алған масайған бозбалалардың жаппай жабыла зорлағаны себеп болды. Бұл жайында «AlArabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, бұл кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға Суматра аралында орын алған еді. Мектептен қайтқан қызды жолда кездескен бозбалалар қорлаған. Үш күннен кейін қыздың жансыз денесі орманнан табылған еді. Қызға жәбір көрсеткен, жас шамалары 16-17-дегі бозбалалар тұтқындалып, үстілерінен қылмыстық іс қозғалды. Жауапкершілікке тартылған олар жазасын өтеп шыққан соң да қатаң бақылауда болады әрі тері астынан электронды құрылғы енгізіледі. Бұрын педофилдерге ең ауыр жаза - ары кеткенде 14 жыл бас бостандығынан айырылатын.