|
Педагогтар оқушыларынан үлгі алып ораза ұстады
|
Уэльс графтығының Кардиффа педагогтары қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың үйсіз-күйсіздерді тамақтандыру туралы бастамасына риза болып, асыл дініміздің қадыр-қасиетін жете тану үшін өздері де бір күн ауыз бекітіп, ораза ұстауға ниеттеніп отыр. «Біз мұны мұсылман оқушылармен арадағы қарым-қатынасымызды жақсарту үшін және азық-түлік қорына қаржы жинау үшін істейміз», - деді ағылшындардың Кельт академиясының 33 жастағы оқытушысы Эндрю Боджин. Педагогтар өздерінің шәкірттерімен бірге екенін және оларға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендерін жеткізу үшін ауыз бекітуге ниеттеніп отыр.
Мұсылмандар қираған шіркеуді қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетті

Миссиссога қаласының мұсылман жамағаты ғибадат ғимараты вандалдардың қолынан қираған христиандарға көмек қолын созып, шіркеуді қалпына келтіру жұмыстарына атсалысты. «Бұл барып тұрған сорақы әрекет. Мұны істеген адам Інжілді жыртып, алтарды қиратқан, айшықты жерге лақтырған», - деді жергілікті ислам орталығының имамы Саид Хадижи Хамид Слими "Toronto Star» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш шаһардағы католиктердің шіркеуі өткен айда вандалдардың шабуылына ұшырап, ғибадат ғимаратына айтарлықтай зақым келген болатын. Бұған қоса, қабырғаларына боғауыз сөздер жазып кеткен. Имам бастаған жергілікті мұсылман жамағаты дінаралық татулықтың үлгісін көрсетіп, христиандарға 5000 доллар жылу жинап берді.