Партияға кіргендерді діни сенімінен бас тартқызып жатыр
|
Қытайдың коммунистік партиясына мүше азаматтарды қандай да бір діни сенімінен бас тартуды талап етіп жатыр. Бұл жайында Global Times ақпарат көзі хабар таратты. "Партия мүшесі діни сенімге ие болмауы тиіс. Бұл партия мүшелеріне аттап өтуге тыйым салынған қызыл сызық. Олар маркстік-атеистік ілімге сенуі тиіс, партия ережесіне бағынуы және оның идеологиясына еруі керек. Діннен құндылық іздеуге тыйым салынады",- деді ҚХР дін істері жөніндегі мемлекеттік басқарма директоры Ван Цзаоань. Ол дінінен бас ратпаған партия мүшелерін жаза күтіп тұрғанын ескертті. Ол дінді мемлекет тарапынан реттеп, қытайландыру саясатының құралына айналуы тиістігін жеткізді. Айта кетейік, Қытай - ресми түрде өзін атеистік мемлекет деп жариялаған ел. Десе де билікте жоқ ел тұрғындарының наным-сенім бостандығына тыйым салмаған ресми түрде. Алайда, діндарларды, соның ішінде, мұсылмандарды қуғын-сүргінге салып келе жатқан ел ретінде танылған. Тағы бір айта кететін жайт, аталған елде 2016 жылдың мәліметі бойынша коммунистік партияға 1 жарым миллирдқа тарта халықтың тек 88,7 миллионы ғана мүше.