Парсылардың әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіндегі орны айтылды
Парсылардың әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіндегі орны айтылды
2 жыл бұрын 1642 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттардың азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы мәлімдегендей, Иран әлем бойынша негізгі 20 ауыл шаруашылық өнімін өндіретін ел. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйым келтірген мәліметке қарағанда, Иран әлемде құрма, бал, грек жаңғағы және пісте өндірісі бойынша үшінші орында тұрған ел. Иран аумағында жылына 1,28 млн тонна құрма өндіріледі. Шиғалар елі бұл тарапта Мысыр мен Саудиядан кейінгі орында, яғни, үшінші орында тұр. Ал бал өндірісіне келсек, жылына парсы елінде 80 мың тоннасы өндіріледі, бұл тарапта Қытай мен Түркиядан кейінгі үшінші орыннан көрінген. Пісте өнімі 2020 жылы 190 мың тоннадан асқан. Бұл бағытта да Иран үшінші орынға жайғасқан АҚШ пен Түркиядан кейін. Бұдан бөлек, Иран грек жаңғағының өндірісі бойынша да үшінші орынға табан тіреген ел – жылына 356 мың тонна. Грек жаңғағы бойынша әлемде Қытай көш бастап тұр – 1,1 млн тонна, содан кейінгі орында – АҚШ. Иран бадам және қарбыз өндіруден әлемде 4-ші орында – жылына 164 мың тонна бадам өндіріледі аталған ел аумағында, ал қарбыз – жылына 2,7 млн тонна. Бұл тарапта да Қытай көш бастаған – жылына 60 млн тонна қарбыз, одан кейінгі орында Түркия мен Үндістан тұр, төртінші орын – Иран. Иран, сондай-ақ, киви өндірісінде 5-ші, баклажан бойынша 6-шы, пияз мен қызанақта 7-ші, әлемдік шпинат бойынша 8-ші, апелсин бойынша 9-шы, қант пен жүзім бойынша 11-ші орында. Иран бидай өндірісі бойынша әлемде 12-ші орында. Иранда 2020 жылы бидай өндірісі 15 миллион тоннаны құрады. Қытай 134 миллион тоннамен әлемдегі ең ірі өндіруші, одан кейін Үндістан мен Ресей. Иран да шай өндірісінде 12-ші орында және 84 мың тоннадан астам өндіріс көлемімен осы орында. Жалпы Иранның жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын осы ауыл шаруашылығынан түскен табыс құрап отыр. Иранның ауыл шаруашылық әлеуеті жылына 200 млн-нан аса адамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алады. 

0 пікір
Мұрағат