Парсы шығанағы елдерінің сән-салтанат нарығы 2023 жылы 12,5 миллиард долларға жетті
|
Таяу шығыс аймағындағы Chalhoub Group аса ірі бөлшек сауда ұйымының келтірген дерегінше, Парсы шығанағы елдерінің (GCC) сәнді тауарлар нарығы халықаралық нарықтың өзін артқа тастап, 2023 жылы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ARABIAN BUSINESS ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі,Парсы шығанағы елдеріндегі сәнді тауарлар нарығы халықаралық нарыққа қарағанда 2 есе жылдам өсуде және 2023 жылдың соңына қарай оның ауқымы 12,5 миллиард долларға жетті. Соның ішінде сәнді қымбат киімдер мен зергерлік бұйымдарға, сағаттарға сұраныс жоғары. Сәнді киімдер GCC өңірінде сәнді тауарлар нарығының ең үлкен сегменті болып қала береді, оның құны -5,2 миллиард АҚШ долларына жеткен, одан кейінгі орынға 5,1 миллиард долларға бағаланған сәнді сағаттар нарығы табан тіреген. Сән сегменті 2023 жылы 10%-ға өсті, бұл көрсеткіш жаһандық орташа өсу қарқынынан 4% жоғары және 2024 жылдың бірінші тоқсанында 7%-ға өскен. Аса жоғары және жоғары деңгейлі сәнді киімдерге сұраныс люкс тауарлар нарығындағы жалпы сұраныстың 86%-н құрады және бұл сегменттердің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 11% және 6% болды. Біріккен Араб Әмірлігінің туризм секторының серпінді дамуының, елге ауқатты адамдардың ағылуының және сұраныстың тұрақты өсуінің арқасында сәнді киімдердің барлық сегменттері үшін жетекші нарыққа айналды. Опа-далап сегментінде де бүкіл өлке бойынша сұраныстың тұрақты өсуі байқалды. 2023 жылы опа-далап нарығының жылдық өсімі - 15%, ал 2024 жылдың бірінші тоқсанында 10%-ға өсті. Опа-далап және тері күтіміне арналған өнімдері сән индустриясы нарығында өз салмағын арттырды, тері күтімі сегментінің өсу қарқынын 30%-ға арттырған. Хош иістер немесе әтір нарығы (48%) GCC-де әйелдер арасында ең көп сұранысқа ие өнімдер болды. Мұндай өнімдерге сұраныстың өсуіне әсер еткен негізгі факторлар: тиімді баға (36%), табиғи ингредиенттер (35%) және пайдаланудың қарапайымдылығы (35%).