Парсы шығанағы елдерінің денсаулық сақтау саласындағы шығыны 2028 жылға қарай 124 миллиард долларға жетеді
|
Аймақтағы JLL жетекші, инвестициялық басқару компаниясы Таяу Шығыс елдерінің денсаулық сақтау саласының өз-өзін ақтау режиміне көшіруге ұмтылысы өз кезегінде инвесторлардың сенімін арттырып, денсаулық сақтау саласына сұраныстың өсуіне ықпал ететінін атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ARABIAN BUSINESS ақпарат агеенттігіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. JLL компаниясының Таяу Шығыс бойынша денсаулық сақтау жөніндегі кеңес беру бөлімінің жетекшісі Сандип Синханың айтуынша, Парсы шығанағы өңірінің экономиканы әртараптандыру стратегиясын жүзеге асыру барысында кеңейтілген клиникалық мүмкіндіктер, адами капиталды дамыту, цифрлық трансформация және инновациялық денсаулық сақтау орталықтарын құру арқылы секторды түрлендіруге ұмтылуда, бұл жайт көптеген жеке инвестициялық фирмаларды денсаулық сақтау саласына молынан қаржы құюына ықпал етпек. Бұдан бөлек, транзакциялар саны бойынша осынау өлкені халықаралық аренада денсаулық сақтау саласындағы негізгі ойыншы ретінде позициясын одан ары арттырады.