Парсы шығанағы елдері туристерге бірыңғай виза енгізеді
Парсы шығанағы елдері туристерге бірыңғай виза енгізеді
1 жыл бұрын 1355 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Парсы шығанағы елдерінің туризм министрлері биылдан қалмай, дәлірегі, 2023 жылдың соңына дейін алты елдің (Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Саудия және Біріккен Араб Әмірліктері) бірыңғай туристік вимза туралы өз ұстанымдарын білдіруі тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда Парсы шығанағы елдерінің азаматтары тек өзара бірыңғай жүйе бойынша саяхаттай алады. Оманның мұра және туризм министрі Сәлім бен Мұхаммед әл-Мәһрүк Парсы шығанағы елдерінің арасындағы ортақ туррситік виза туралы айта келе көп ұзамай бұл жобаның тетіктері іске қосылатынын мәлімдеді. Сауд Арабиясының туризм министрі Ахмет Ақыл әл-Хатыб Парсы шығанағы елдерінің экономикасы қарқынды өсу үстінде екенін және бірлескен іс-қимыл мен тұрақты үйлестіру жұмыстары арқылы әлемдік туризм нарығының маңызды бөлігіне айнала алатынын айтты.

0 пікір
Мұрағат