Парсы елдері аса маңызды саяси шешім қабылдады
Парсы елдері аса маңызды саяси шешім қабылдады
3 жыл бұрын 3015 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Парсы шығынағы елдерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер аса маңызды экономикалық интеграциялық жобаны мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы Akhbar al-Saudia араб ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы елдерінің бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы стратегиялық шешім Саудияның астанасында өткен аталмыш ұйым саммитінде қабылданды. Дәлірегі, аталған ұйым құрамындағы алты мемлекет аймақтағы көрші елдердің экономикалық және саяси ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған, 72 тармақтан тұратын «Ер-Рияд декларациясын» қабылдады. Бұл құжат бұдан былай Парсы шығанағы елдерінің экономикалық интеграциясының жол картасы ретінде қызмет етеді. Декларацияда айтылғандай, аймақ елдері ынтымақтастық аясынан шығып, одақ сатысына өтуге талпыныс жасайды. Бұл процесті 2025 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Осы мақсатқа жету үшін Парсы шығанағы елдері бірыңғай теміржол басқармасын құру және шекаралық бақылау режимін жеңілдету туралы келісімге келді. Осылайша әлемде тағы кедендік одақтың негізі қаланды.

0 пікір
Мұрағат