|
Папуа – Жаңа Гвинея өзін ресmи түрде христиан мемлекеті ретінде жариялады
|
Папуа – Жаңа Гвинея билігі конституцияға өзгертулер енгізе отырып, өзін христиан мемлекеті ретінде ресми жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы christiannewswire.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізгі заңның жаңартылған кіріспесінде енді мынадай тұжырым бар: «Біз, Папуа - Жаңа Гвинея халқы, Әкеміздің Құдайын, Иса Мәсіхті, Ұлды және Киелі Рухты бүкіл ғаламның Жаратушысы және Өмір Берушісі ретінде мойындаймыз және жариялаймыз». Осы орайда Папуа-Жаңа Гвинея халқының шамамен 97% -ы христиан дінін ұстанатынын айта кетпекпіз соның ішінде протестанттар, католиктер және англикандар бар. Алайда, енді христиандық сенім мемлекеттің мәдени ғана емес, конституциялық негізіне де айналды. Жергілікті тұрғындар ел билігінің бұл қадамын ұлтты тұтастыратын әрі елдің рухани түп-төркінін мойындайтын шара ретінде қабылдады. Тек жергілікті халық қана емес, шетелде де бұл жаңалықты құптағандар болды... Конституция деңгейінде христиандықты тану – сирек кездесетін оқиға. Өйткені, бүгінгі таңда көптеген христиан мемлекеттері секуляризм бағатына бет бұруда. Сарапшылар аталған арал мемлекет билігінің бұл шешімі христиандықты күштеп немесе мәжбүрлеп таңуды білдірмейтінін, керісінше христиандық ізгілікті еске түсіру қамында қабылданғанын алға тартып отыр. Яғни, халықты біріктіруші фактор ретінде рөл атқарады - христиандықты ортақ идеологияның негізі етіп алмақ. Христиандықты бостандыққа қарсы қою үшін емес, тату өмір үшін насихаттамақ. Тынық мұхитының шығыс бөлігінде орын тепкен, 10 млн шамасында халқы бар Папуа – Жаңа Гвинея тұрғындары 820 тілде сөйлеседі. Яғни, жер бетіндегі барлық тілдің 10%-дайы осы аралда шоғырданған. Бұл ретте ел халқының 99% - меланезия, папуас және полинезия ұлыстарының өкілдері, тек 0,02% - ақ нәсілді.