Пандемия күллі адамзатқа ортақ, ең көне «құндылықты» жойып келеді
Пандемия күллі адамзатқа ортақ, ең көне «құндылықты» жойып келеді
3 жыл бұрын 2635 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мұны құндылық деуден гөрі, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет деу дұрысырақ шығар. Маңыздысы бұл емес, маңыздысы – өзінше салтқа айналған амандасудың бұл түрі қолданыстан біртіндеп қалып бара жатқаны, адамзаттың басы артық әуреден арылғаны. Оның үстіне, тазалық талаптарына қайша деп тапқандықтан қол беріп амандасуды әдетін көрген жерде бас изесіп немесе күншығыс немесе таңғы шық елдеріне тән сәл тағзым етіп амандасу әдетімен алмастыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде бұл тарапта британ қоғамында арнайы сауалнама жүргізген  Randstad кадрлық агенттігінің келтірген дерегіне жөн сілтеген Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иә, британдық агенттік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің үштен екісі амандасудың мұндай түрінен бас тартуды қолдайтынын жеткізген. COVID-19 жұқпалы індетінен сақтану мақсатында қол беріп амандасуға қатаң тыйым салынбаса да мұндай әдеттен арылуға кеңес берілген еді. Мамандар тарапынан. Аурудың таралу қатерін төмендету үшін. Randstad кадрлық агенттігінің персоналды іріктеу жөніндегі өкілі Женна Александер (Jenna Alexander) аталған әдеттен бөлек жұмыс беруші мен жұмысқа тұруға талпынған тұлға арасындағы сұхбат та («собеседование», яғни, жүзбе-жүз тілдесу) қолданыстан шығып барады. Оның орнын онлаин режимде кездесу алмастырып жатыр. Осылайша пандемия қажеті шамалы, тіпті, басы артық әуре мен әдеттерден тиып жатыр. Сөз орайы келгенде тарихқа сәл шегініс жасап, мынадай дерек келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: қол беріп амандасу – күллі адамзатқа ортақ әрі ең көне салт. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі 855 жылы орын алған оқиғаны бейнелейтін барельеф қол беріп амандасудың сол кезде де қолданыста болғанан айғақтайды. Мұндай тарихи айғақты ассириялықтар патшасы Салмананасар III пен Вавилон патшасы Мардық-Зәкір-Шуми І-дің арасындағы қол алып амандасқанынан да байқайсыз.

0 пікір
Мұрағат