Пандемия кезінде ұмраны өтеу шарттары аталды
Пандемия кезінде ұмраны өтеу шарттары аталды
4 жыл бұрын 3583 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі тәжді тажал пандемиясына байланысты осыдан алты ай бұрын тоқтатқан кіші қажылықты эпидемиологиялық жағдайға қарай бірте-бірте жаңғыртуға қатысты іс-шараларды жария етті. Жұқпалы індетке қарсы күрес аясында қасиетті Қағба мен қара тастың маңында тұрғызылған кедергі өз орнында қалады. Қажылар оларға жанаса алмайды. Қасиетті Қағба орын тепкен Харам мешіті күніне 10 мәрте залалсыздандырылады. Бұдан бөлек, COVID-19 симптомы білінген қажыларды оқшаулауға арналған карантиндік бөлмелер де дайын. Осы орайда аталған араб елінде қазан айының 4-нен бастап жергілікті және шетелдік қажыларға ұмраны өтеуге рұқсат етіледі. Десе де әдеттегіге қарағанда саудиялықтардың тек 30%-ы ғана, яғни, күніне 6000 адам ғана кіші қажылығын өтей алады. Ал қазан айының 18-нен бастап күніне 15 мың қажыға дейін ұмраны өтеуге рұқсат етіледі.

0 пікір
Мұрағат