Пандемия адамзаттың биологиялық қарудан төнетін қауіпке қайрат қылып, қарсы тұра алмайтынын көрсетті
Пандемия адамзаттың биологиялық қарудан төнетін қауіпке қайрат қылып, қарсы тұра алмайтынын көрсетті
5 жыл бұрын 3257 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде әлемді жайлаған жұқпалы індет жекелеген мемлекеттердің де, әлем қауымдастығының да осы уақытқа дейін ұрандатып келген көптеген маңызды бағдарламаларын іске алғысыз етті. Дәлірегі, адамзаттың дамуына серпін беруі тиіс жобалардың іске аспай, көбінесе қағаз жүзінде қалғанын көрсетіп берді. Мәселен, цифрландыру бағдарламасын іске асыру мен сөз күйінде қалуының арасында жер мен көктей айырмашылық барын көрсетті. Тек аталмыш бағдарлама ғана емес, сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік, медициналық, кедендік, т.б. салалардың дағдарысқа тойтарыс беруге қауқарсыздығын танытты. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш сәуір айының 9-ы күні Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде бүгінгі күннің падемияға байланысты шындығын кесе көлденең тарта келе бұл жағдайға қарап террористік топтардың биологиялық қаруды қолдануы мүмкін деген қаупін айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік емес ойыншылар өз мақсаты мен мүддесіне жету үшін осы күнгі адамзаттың биологиялық қауіп-қатерге қарсы қорған болуы тиіс замануи жүйесінің дәрменсіздігін пайдалануы мүмкін екенін тілге тиек етті. Яғни, террористік топтардың кез келген сәтте қауіпті вирус штаммын өз мақсаттарына пайдалану қатерінің тым жоғары екенін жеткізді. Бұған қоса, бүгінгі таңда адамзаттың ес-ақылын алған пандемия салдарынан зорлық-зомбылық етек алуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұдан бөлек, Иранның азаматтық қорғаныс ұйымының жетекшісі, бригадалық генерал Голамреза Жалали корононовирустың өршуі өз кезегінде биологиялық соғыстың жаңа түрінің пайда болу қатерін тудыруы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

0 пікір
Мұрағат