|
Палестинаны қолдауға арналған құжаттар қабылданды
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы сейсенбіде Палестинаны қолдайтын бірнеше қарар қабылдады. Қабылданған құжаттардың бірінде Израил билігі жаулап алынған Палестина аумағына заңсыз жолмен келімсектерді орналастырмауға міндеттелген. Сондай-ақ, израилдік келімсектер тарапынан жиі шаң беріп қалатын арандату әрекеттеріне тыйым салынған. Соның ішінде діни ғимараттарда келімсектердің арандату әрекеттеріне тосқауыл қою қарастырылған. Тағы бір қарарында Құдыс шаһарының мәртебесіне қатысты мәселелер көтерілген. Яғни, Израил билігінің осы шаһарды иудаландыру саясатына шектеу қою мәселесі назардан тыс қалмаған.
Тағы бір жағымды жаңалық, Халықаралық қылмыстық сот 2014 жылдың жаз мезгілінде израилдіктердің Газа секторына басқыншылығы кезінде жол берген бассыздығы мен әскери қылмысын тергеуге кірісті. Израилдің Газа секторындағы 53 күнге созылған әскери жорығы кезінде 2200 –нан аса палестиналық азамат ажал құшқан болатын. Олардың шамамен үштен бірін балалар құрайды. Израилдіктердің ессіз шабуылынан опат болғандардың 80 пайызын бейбіт тұрғындар құрайды. 30 мыңнан аса тұрғын үй мен ондаған мешіт жермен-жексен болды.