|
Палестиналық тұтқындар аштық жариялады
|
Кеше Израил абақтысында жатқан мыңдаған палестиналық тұтқын жөйт полициясының жүгенсіздігіне наразылық танытып, аштық жариялады. Израил тәртіп сақшыларының шектен шыққаны сондай, қауіпсіздікті желеу етіп, палестиналық бейбіт тұрғындарды жаппай тұтқындап жатыр. Оларды сотсыз, тергеусіз темір тордың ар жағына тоғытып, алты айға дейін абақтыға жабуда. Бұған қоса Израилдің әскери трибуналы палестиналық тұтқындарды бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын да қарастыруда.
2014 жылдың сәуір айының 24-і күні әкімшілік жазаға кесілген 120 адам аштық жариялаған болатын.
Осы жолы аштық жариялаған бес мыңға жуық палестиналық тұтқындардың 200-і жасөспірімдер болса, 19-ы әйелдер.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты