Палестина туын көтеру қылмыстық іске теңестірілді
|
Израил парламенті (Кнессет) басып алынған Құдыс қаласында Палестина туын көтеруге тыйым салу қарастырылған, дәлірегі, қылмыстық әрекетке жатқызылатын заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Middle east online дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша палестиналықтардың қандай да бір егемендігін еске салатын рәміздерді өз орнымен пайдалануға қасақана тыйым салу арқылы палстиналықтардың ерік-жігерін басып-жаншуға бағытталған заң жобасын Израил билігі құптап отыр. Атылмыш заң талаптарына сәйкес Палестина байрағын ұстаған, кем дегенде үш адамға дейін жиналған топтың әрекеті заңсыз акция ретінде бағаланады. Аталмыш заң жобасына дауыс беру процедурасы Израилдің кең ауқымда аталып өтетін «жалау шеруі» («ту биі») акциясы қарсаңында өтті, бұл шара аясында мыңдаған еврей келімсектері Израилдің жалауын көтеріп, Ислам ғибадатханасы - әл-Ақса мешіті орналасқан Ежелгі қалаға апаратын Дамаск қақпасында би билеп, көңіл көтереді. Әдетте, мұнда арандату акциясы нәсілшілдік мазмұндағы палестиналықтарға қарсы ұрандармен және палестиналықтарға шабуыл жасаумен қатар жүреді.