Палестина мәселесі бойынша Халықаралық қылмыстық сотқа 197 ұйым шағым түсірді
Палестина мәселесі бойынша Халықаралық қылмыстық сотқа 197 ұйым шағым түсірді
2 жыл бұрын 1310 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

200-ге жуық палестиналық, аймақтық және халықаралық ұйымдар Палестина мен Палестина халқын Израилдің басқыншылық әрекеттерінен қорғау шараларын талап етіп, Халықаралық қылмыстық соттың прокурорына, сондай-ақ, мүше мемлекеттер ассамблеясының жетекшісіне үндеу жолдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хат ұйым мүшелерінің алдағы бірлескен іс-әрекеттерін талқылау үшін желтоқсан айының 5-і күні Гаагада өтетін  аталғған ассамблеясының жыл сайынғы отырысы қарсаңында жіберілді. Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханға жолданған хат оны Израилдің Палестина халқына қарсы қылмыстарын тоқтату үшін әрекет етуге шақырып, оның қызметте бұрыннан жасалған қылмыстарды тергеу үшін ғана емес, сонымен бірге, жағдайды бақылау үшін де, тіпті,  қажет болған жағдайда қылмыстың алдын алу үшін де осындай лауазымды әрі жауапты қызметте отырғанын есіне салды. Құқық қорғаушылар бұған дейін мұндай әрекеттердің тиімділігін көрсеткенін де атап өткен. Мәселен, 2018 жылы Израил әл-Аһмар елді-мекенінен Иордан өзенінің батыс жағалауына бәдәуилерді қоныстандыруды көздеген кезде Кәрім Хан еврейлер билігіне жазбаша ескерту жасағаннан кейін Израил «Халықаралық қылмыстық соттың алдағы тергеу себептеріне байланысты» өз жоспарларынан бас тартқан болатын. Ассамблея төрағасы Силвия Фернандес де Гурменди Таяу Шығыстағы бұл жағдайға сараптамалық бағалау жүргізу туралы құқық қорғаушылардың ұсынысына келісіп отыр.

0 пікір
Мұрағат